Елена Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына жолдама алды
Елена Рыбакина турнирдің басты фавориттерінің бірі.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.
1/8 финалда Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Шешуші партияда қазақстандық спортшы 0:3 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда Рыбакина таразы басын өз пайдасына аударып, келесі жеті геймнің алтауында жеңіске жетіп, матчты өз пайдасына аяқтады.
Енді Елена Рыбакина ширек финалда Лейла Фернандес - Наоми Осака кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 1085220 АҚШ долларын құрайды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу