Қазақстан су добынан әлемдік додада 23-орынға тұрақтады
Қазақстандық ватерполшылар әлем чемпионатын жеңіспен аяқтады
ашық дереккөзден
Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы турнирді 23-орынмен аяқтады.
Топтық кезеңде қазақстандық ватерполшылар Сингапур мен Уругвай құрамаларын жеңіп, Египет пен Түркияға есе жіберді. Осы нәтижелерден кейін Қазақстан құрамасы плей-оффқа шыға алмай, 8-орыннан төмен орналасатын командалар арасындағы жүлделі орындар үшін күресті жалғастырды.
Одан кейін қазақстандықтар Грузия құрамасымен кездесіп, 7:10 есебімен жеңілді. Келесі ойында Канададан 7:9 есебімен ұтылды.
Әлем чемпионатындағы соңғы матчта Қазақстан Перу құрамасын 5:3 есебімен жеңіп, турнирді жеңіспен аяқтады.
Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы 23-орынға жайғасты.
Ал алаң иелері Хорватия құрамасы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Испания күміс жүлдеге ие болса, Сербия қола медаль жеңіп алды.