Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина - турнирдің басты фавориті.

Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Әлемнің екінші ракеткасы ширек финалда Жапония өкілі Наоми Осаканы жеңді. 

Кездесу өте тартысты өтіп, Рыбакина қарсыласын үш сетте 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтты. Қазақстандық спортшы алғашқы партияда жеңіліп қалғанына қарамастан, матч барысын өзгертіп, маңызды сәттерде басымдық таныта білді. 

Рыбакина матч барысында 15 эйс жасап, алты рет қос қателік жіберді. Осака үш эйс орындап, алты қос қателікке жол берді.

Енді қазақстандық теннисші финалға шығу үшін америкалық Кори Гауффпен кездеседі. Ширек финалда Белинда Бенчич жарақатына байланысты турнирге қатысудан бас тартқандықтан, Гауфф бірден жартылай финалға жолдама алды. 

Егер Елена Рыбакина Торонто турнирінде чемпион атанса, 1000 ұпайға қол жеткізеді. Сондай-ақ жеңімпазға берілетін қомақты сыйақыға ие болады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу