Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

7-тамыз басталған сары құрлық бәсекесі 14-тамызға дейін жалғасады.

Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Ақмола облысының спортшысы Кира Данилова күміс жүлдеге ие болды. Ол қоссайыста 213 келі (98+115) нәтиже көрсетті.

Ал жастар санатында Жетісу облысының өкілі Маргарита Ермакова қола медаль еншіледі. Оның нәтижесі - 211 келі (94+117).

Екі санатта да алтын медальді Өзбекстан спортшысы Шахноза Хайдарова жеңіп алды. Ол қоссайыста 220 келіні (99+121) бағындырды.

Жасөспірімдер арасында үшінші орынға Иран өкілі Хание Шарифи Седех (211 келі) жайғасса, жастар арасында күміс медальді тағы бір өзбекстандық Нурхаёт Кобилова (212 келі) иеленді.

Айта кетейік, Кира Данилова үшін бұл – жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңіп алған алғашқы медаль. Ол 2024 жылы алтыншы, 2025 жылы төртінші орын алған еді.

Ал, Маргарита Ермакова халықаралық аренада қоссайыс қорытындысы бойынша алғаш рет жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу