ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды
Кездесу 12-тамызда Зальцбургте өтті.
ПСЖ
Париждік ПСЖ екінші жыл қатарынан УЕФА Суперкубогының иегері атанды. Франция чемпионы әрі 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы финалда Еуропа лигасының жеңімпазы «Астон Вилланы» 2:1 есебімен жеңді.
Матчтағы есепті 20-минутта ПСЖ шабуылшысы Хвича Кварацхелия ашты. Дезире Дуэнің пасынан кейін грузиялық футболшы қақпа алдында бос кеңістікті тауып, дәл соққы жасады.
Алайда «Астон Вилла» есепті бірінші тайм аяқталмай тұрып теңестірді. 45-минутта 17 жастағы Брайан Маджо мергендік танытты. Оған нәтижелі пас берген Джон Макгинн.
Екінші таймда ПСЖ қайта алға шықты. 61-минутта Усман Дембеленің пасын қабылдаған Дезире Дуэ қарсыластың қақпасына қарай жалғыз шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді - 2:1.
Қалған уақытта «Астон Вилла» есепті өзгерте алмады. Осылайша Луис Энрике шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жетіп, УЕФА Суперкубогын қатарынан екінші рет иеленді.
Айта кетейік, УЕФА Суперкубогы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары арасында өтетін бір матчтан тұратын турнир. Жарыс алғаш рет 1973 жылы ұйымдастырылған. Тарихта Суперкубокты ең көп жеңген клуб - мадридтік «Реал». Испаниялық команда бұл трофейді алты рет иеленген.