Қостанайда маңызды еурокубок матчы өтеді

Бүгін «Тобыл» өз алаңында «Партизанды» қабылдайды.

Қостанайда маңызды еурокубок матчы өтеді ашық дереккөзден

Бүгін, 13 тамызда Қостанайдың «Тобылы» УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Белградтың «Партизан» командасын қабылдайды.

Белградтық клуб қарымта ойынға дайындалу үшін Қазақстанға кеше келді. Кездесу Қостанайда өтеді және Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, командалар арасындағы алғашқы матч 7 тамызда Сербияда өтті. «Партизан» өз алаңында «Тобылды» 3:0 есебімен жеңген болатын. 

Қостанайлық клуб үшін бүгінгі кездесу аса маңызды. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Конференциялар лигасының келесі кезеңіне жолдама алады. Келесі раундта бұл жұптың жеңімпазы Испанияның «Хетафе» клубымен кездеседі. Матчтар 20 және 27 тамызға жоспарланған. 

Ал, бүгінгі матчта жеңіліс тапқан команда еурокубок додасындағы өнерін аяқтайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу