Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 99 медаль жеңіп алуды көздейді
Азия ойындарында Қазақстан атынан 571 спортшы сынға түседі.
ашық дереккөзден
Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындалып жатыр.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өткен кеңесте ұлттық құраманың дайындығы талқыланды. Қазақстан спорттың 35 түрінен сынға түсіп, алдын ала 571 спортшыны жарысқа қосуды жоспарлап отыр.
Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 226 оқу-жаттығу жиынына қатысып, 282 халықаралық жарыста бақ сынаған. Азия ойындарына дейін тағы 73 оқу-жаттығу жиыны мен 31 халықаралық жарыс жоспарланған.
Дайындық жұмыстарына 11 елден спорттың 13 түрі бойынша 24 шетелдік жаттықтырушы-кеңесші тартылды. Жоспарға сәйкес құрамамыз 99 медаль жеңіп алуды көздейді.
XX Азия ойындарына Азияның 45 елінен шамамен 15 мың спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыста спорттың 469 түрінен жүлделер сарапқа салынады.