Григорий Ломакин «Президент кубогының» жартылай финалына шықты

Жартылай финалдық матчтар 14 тамыз күні өтеді.

Григорий Ломакин «Президент кубогының» жартылай финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Астанада өтіп жатқан ATP Challenger 50 санатындағы дәстүрлі «Президент кубогы» халықаралық турнирінде жұптық сында жартылай финалға жолдама алды.

Ломакин жарыста ресейлік Петр Бар-Бирюковпен жұп құрып өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда қазақстандық-ресейлік дуэт қытайлық Цзе Цуй мен украиналық Вадим Урсуға қарсы ойнады.

Кездесу 50 минутқа созылып, Ломакин мен Бар-Бирюков 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Олар матч барысында төрт эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ 11 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.

Жартылай финалда Ломакин мен Бар-Бирюков аргентиналық Лусио Ратти және қытайлық Сунь Фацзин жұбына қарсы шығады. Матч 14 тамызда өтеді.

Айта кетейік, Григорий Ломакин Астанадағы ATP Challenger 50 турнирінде Қазақстан атынан күресті жалғастырып жатқан жалғыз теннисші. Бұған дейін Әмір Омарханов жекелей және жұптық сында жарысты аяқтаған. Жекелей сында Бейбіт Жұқаев та турнирден шығып қалды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу