«Қайраттың» маңызды ойыны көрерменсіз өтеді

Канье Уэсттің концерті «Қайрат» -«Ұлытау» матчын жабық өткізуге себеп болды.

«Қайраттың» маңызды ойыны көрерменсіз өтеді ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасы аясында «Қайрат» пен «Ұлытау» арасындағы матч көрерменсіз өтеді.

Кездесу 15 тамыз күні сағат 18:00-де Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол клубы академиясының алаңында ұйымдастырылады. Матчтың өтетін орны Алматыдағы Орталық стадионда концерттен кейін демонтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты өзгертілген.

Инфрақұрылымдық шектеулер мен трибуналардың сыйымдылығы төмен болуына байланысты ойын жабық режимде өтеді.

Айта кетейік, Орталық стадионда 14 тамызда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді. Сол шарадан кейін стадионда демонтаж жұмыстары жүргізіледі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу