«Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады
Қостанайлық команда өз алаңында да мінез көрсете алмады.
Тобыл ФК
«Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта сербиялық «Партизаннан» 1:2 есебімен жеңіліп, еурокубоктағы маусымын аяқтады.
Қостанайда өткен кездесуде алаң иелері ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдықты қолға алды. 7-минутта Ислам Чесноков есеп ашып, «Тобылды» алға шығарды.
Екінші таймның басында «Партизан» есепті теңестірді. 47-минутта сербиялық клубтың шабуылы нәтижесінде есеп 1:1 болды. Одан кейін қос команда да бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды.
Алайда негізгі уақытқа қосылған 2-минутта Шака Траоре жеңіс голын соқты - 1:2.
Осылайша, «Тобыл» екі матчтың қорытындысы бойынша 1:5 есебімен жеңілді. Ал «Партизан» келесі кезеңде «Хетафе» клубымен өзара мықтыны анықтайды.
Енді Қазақстанның еурокубоктағы жалғыз өкілі - алматылық «Қайрат».