Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында өнер көрсетті
Финалда қазақстандық теннисші әлемнің экс-бірінші ракеткасы Ига Швёнтекке жол берді.
ашық дереккөзден
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында өнер көрсетті.
Турнирдің шешуші кездесуінде әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Ига Швёнтекпен кездесті. Матч 1 сағат 16 минутқа созылып, 2:6, 3:6 есебімен польшалық теннисшінің жеңісімен аяқталды.
Кездесу барысында Рыбакина бір эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді.
Торонто турниріндегі нәтижесінің арқасында Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Арина Соболенкоға дейінгі айырмашылықты 354 ұпайға дейін қысқартты.
Ал, Ига Швёнтек биылғы маусымдағы алғашқы титулын жеңіп алды. Жаңартылған рейтингте польшалық теннисші бесінші орынға көтеріледі.
Елена Рыбакина келесі кездесуін АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде өткізеді. Қазақстандық теннисші жарысты бірден екінші айналымнан бастап, америкалық Тэйлор Таунсендпен кездеседі. Матч 16 тамызға жоспарланған.