«Қайраттың» Еуропа лигасындағы қарсыласы анықталды

Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтаған «Қайрат» енді Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

«Қайраттың» Еуропа лигасындағы қарсыласы анықталды Андерлехт ФК

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехтпен» кездеседі.

Бельгиялық клуб жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде ПАОК командасынан екі ойынның қорытындысы бойынша 4:2 есебімен басым түсті. «Андерлехт» алғашқы кездесуде сырт алаңда 1:0 есебімен жеңсе, қарымта ойында 3:2 нәтижесі тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» командасына екі матчтың қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жол беріп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен болатын.

«Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы алғашқы матч 20 тамызда Алматыда, ал қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу