Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатының финалына шықты

Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеу кезеңі аяқталды.

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатының финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп, бірден үш финалға жолдама алды.

Жекелей көпсайыста қазақстандық гимнаст 84,200 ұпай жинап, сегізінші орынға ие болды. Бұл нәтиже оған финалға шығуға мүмкіндік берді. Шешуші кезеңде барлығы 18 спортшы бақ сынайды.

Сонымен қатар Ақмарал жекелей жаттығу түрлерінен де жүлдеге таласады. Ұршықтармен орындалатын жаттығуда ол 29,000 ұпай жинап, төртінші нәтиже көрсетті. Ал таспамен орындалатын жаттығуда 28,350 ұпай алып, төртінші орынға тұрақтады. Бұл екі жаттығу бойынша да финалға үздік сегіз гимнаст өтті.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі бүгін, 14 тамызда басталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу