Ресми: Дастан Сәтпаев «Бернлиге» жалға берілді
Талантты жас қазақстандық футболшы тәжірибе жинау мақсатында «Бернли» сапына қосылды.
ашық дереккөзден
Дастан Сәтпаев жаңа маусымды Англияның Чемпионшипінде өнер көрсететін «Бернли» клубының сапында өткізеді. 18 жастағы шабуылшы «Челсиден» маусым соңына дейін жалға алынды.
Келісім бойынша «Бернлидің» Сәтпаевты тұрақты түрде сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған. Маусым аяқталғаннан кейін футболшы «Челсиге» оралады.
Сонымен қатар лондондық клуб Дастан Сәтпаевпен жасалған келісімшарттың мерзімін ресми түрде жариялады. Қазақстандық ойыншының «Челсимен» келісімі 2033 жылға дейін есептелген. Осылайша, Сәтпаев ағылшын клубымен ұзақмерзімді келісімге қол қойған.
«Челси» клубы Сәтпаевқа «Бернлидегі» маусымына сәттілік тілеп, оның дамуын әрі қарай бақылап, қолдау көрсететінін жеткізді.
Енді қазақстандық футболшы алдында Чемпионшипте тұрақты ойын тәжірибесін жинап, өзін Англия футболында көрсету міндеті тұр.