Аламгир Смаков «Бешикташ» ойыншысы атанды

Тағы бір қазақ баласы Еуропада доп тебеді.

Аламгир Смаков «Бешикташ» ойыншысы атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық жартылай қорғаушы Аламгир Смаков ресми түрде түркиялық «Бешикташ» клубының ойыншысы атанып, команданың жастар құрамына тіркелді. Ол Қазақстан футболының рекордшысы Самат Смаковтың ұлы. Әкесі де Түркияда өнер көрсетіп, 2013 жылы бапкер Мұстафа Денизлидің шақыртуымен «Ризеспор» сапында доп тепкен еді.

18 жастағы футболшы «Қайрат» академиясының түлегі. Биыл «Қайрат-Жастар» сапында Бірінші лигада 7 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Өткен маусымда Аламгир Смаков Freedom QJ League-де 20 кездесуде 9 гол және 7 нәтижелі пас тіркеп, «Қайрат» U-18 командасымен бірге чемпион атанды. Ал, «Бешикташтың» жастар құрамасы сапында қазақстандық футболшы бес жолдастық матч өткізіп, екі гол соқты. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу