Виктор Друзин Қазақстанға жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатының алғашқы медалін сыйлады
Қазақстандық спортшы Виктор Друзин 12–16 тамыз аралығында Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан артистік жүзуден жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
olympic.kz
Бұл Қазақстан құрамасының осы əлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Друзин ерлер арасындағы техникалық соло финалында 238,5317 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.
Жаңа буын көшбасшыларының бірі
2026 жылдың маусым айында Торонтода өткен Əлем кубогының Суперфиналында қазақстандық спортшы бірден үш жүлде жеңіп алды. Ерлер арасындағы техникалық солода Друзин 235,4583 ұпаймен қола жүлдеге ие болса, еркін солода 248,5525 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды. Тағы бір қола жүлдені ол Наргиза Болатовамен бірге аралас дуэттің еркін бағдарламасында иеленді. Қазақстандық жұп 243,8800 ұпай жинады.
Друзин халықаралық жарыстарда тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Оның еншісінде World Aquatics жарыстарында жеңіп алған 17 медаль бар: 2 алтын, 5 күміс жəне 10 қола. Будапештте жеңіп алған қола медаль Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.