Қазақстан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында тарихи күміс жүлде жеңіп алды

51

Бұл жүлде – Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионаттары тарихында аралас дуэтте жеңіп алған алғашқы күміс медалі.

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында тарихи күміс жүлде жеңіп алды Horvath Balazs / World Aquatics

Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов аралас дуэттің еркін бағдарламасында 248,1058 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды. 

Қазақстандық дуэт үшін бұл халықаралық аренадағы алғашқы жетістік емес. Исламова мен Рамазанов 2026 жылы Бангкокте өткен жас санаттары арасындағы Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпаздары, 2025 жылы Үндістанда өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары, 2026 жылғы Əлем кубогы кезеңдерінің күміс жүлдегерлері жəне 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатының қола жүлдегерлері. Сонымен қатар спортшылар Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпаздары. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу