«Қайрат» «Ұлытауды» жеңіп, көшбасшыға жақындай түсті

Бүгінгі матч көрерменсіз өтті.

«Қайрат» «Ұлытауды» жеңіп, көшбасшыға жақындай түсті ашық дереккөзден

Алматының «Қайраты» Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында Жезқазғанның «Ұлытауын» жеңді. Кездесу Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол клубы академиясының алаңында өтті.

Ойынның 32-минутында Эдмилсон алматылықтарды алға шығарды. Екінші таймның басында Ойва Юккола есепті 2:0-ге жеткізсе, 74-минутта Азмат Тұяқбаев «Қайраттың» үшінші голын соқты.

«Ұлытау» матчтың соңында бір голдың қарымтасын қайтарды. 90+7-минутта Илья Черняк пенальтиден мүлт кетпей, қорытынды есепті 3:1-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 48 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында қалды. Көш басындағы «Ордабасының» еншісінде 49 ұпай бар және шымкенттік команда алматылықтарға қарағанда бір ойынды кем өткізген.

Ал, «Ұлытау» 28 ұпаймен жетінші орында тұр.

Айта кетейік, кездесу Алматыдағы Орталық стадионда ұйымдастырылмады. Бұған аренада өтетін америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті себеп болды. Сонымен қатар Т. С. Сегізбаев атындағы академия алаңының инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен трибуналардың сыйымдылығы шектеулі болғандықтан, матч жабық режимде ұйымдастырылды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу