Елордалық команданың велошабандозы Норвегиядағы жарыста көш бастады

Бүгін Томас Сильва "Норвегияның арктикалық жарысының" үшінші кезеңінде жеңіске жетті.

Елордалық команданың велошабандозы Норвегиядағы жарыста көш бастады ашық дереккөзден

XDS Astana Team командасының велошабандозы Томас Сильва "Норвегияның арктикалық жарысының" үшінші кезеңінде жеңіске жетіп, көпкүндіктің жалпы есебінде көш бастады.

Ұзақтығы 146,5 шақырымға созылған жарыс барысында фавориттер тобы бірнеше рет қарқын үдеткенімен, жеңімпаз тек мәреге жақын анықталды. Леннерт Ван Этвельдтің шабуылынан кейін Сильва мәреге 300 метр қалғанда қарсы шабуыл жасап,  3 сағат 29 минут 11 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді.

Осы жеңістен кейін Томас Сильва жалпы есепте көш бастап, жарыстың көшбасшы жейдесін иеленді.

«Бүгінгі финал маған аса қолайлы болмағанын түсіндік. Соңғы өрлеу тым ұзақ әрі тік болды. Дегенмен команда маған сенім артты. Өзімді жақсы сезіндім. Ал, шешуші сәтте бар күшімді салып, мәреге дейін жеттім», - деді Томас Сильва жарыстан соң.

Енді XDS Astana Team командасы көшбасшылық жейдені сақтап қалуға тырысады. 13-тамыз күні басталған влодода ертең, 16-тамыз күні мәресіне жетпек. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу