Қазақстандық жасөспірімдер әртістік жүзуден әлем чемпионатында тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді
Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші жүлде түсті.
aquatics.kz
Әртістік жүзуден Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті медалін жеңіп алды.
Топтық акробатикалық бағдарлама финалында қазақстандық спортшылар 203,0926 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша бейтарап атлеттер 232,2147 ұпаймен алтын алса, Беларусь құрамасы 200,9777 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Будапешттегі әлем чемпионатында үшінші медалін қоржынға салды. Бұған дейін Виктор Друзин ерлер арасындағы техникалық солода қола жүлде иеленген. Сондай-ақ Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптық еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу