Виктор Друзин әлем чемпионатында екінші қола медалін жеңіп алды

Биылғы дүниежүзілік біріншілікте спортшыларымыз тарихи нәтиже тіркеді.

Виктор Друзин әлем чемпионатында екінші қола медалін жеңіп алды ҚР ҰОК

Венгрияның Будапешт қаласында көркем жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының спортшысы Виктор Друзин жарыстың еркін бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.

Друзин төрешілерден 257,1201 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Алтын медальді Ресей өкілі Захар Трофимов 267,0426 ұпаймен жеңіп алса, Испания спортшысы Энеко Санчес Агилар 264,4163 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Виктордың биылғы әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі.  Бұған дейін ол техникалық бағдарламада да үшінші орын алған.

Сонымен қатар Қазақстан спортшылары аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада күміс жүлде иеленді. Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова  екінші нәтиже көрсетті.

Ал, Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада да күміс медаль жеңіп алды. Осылайша ел қоржынында әзірге төрт медаль бар. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу