Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үздік бестікке енді
Қазақстандық жас гимнаст мансабында алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатында өнер көрсетуде.
ашық дереккөзден
Германияның Франкфурт қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева ұршық жаттығуының финалында бесінші орынға ие болды.
16 жастағы қазақстандық спортшы шешуші кезеңде 29.400 ұпай жинады. Жарыс жеңімпазы атанған Болгария өкілі Стилиана Николова 30.150 ұпай иеленді. Украина спортшысы Таисия Онофрийчук 30.050 ұпаймен күміс медаль алса, Мария Борисова дәл осындай нәтижемен үшінші орынға тұрақтады. АҚШ өкілі Рин Кейс 29.800 ұпаймен төртінші болды.
Ал таспа жаттығуында Ақмарал 27.350 ұпай жинап сегізінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева үшін бұл әлем чемпионатындағы алғашқы ересектер арасындағы жарыс. Ол 2025 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанған еді.