Елена Рыбакина WTA чемпиондар жарысында көш бастады
Елена Рыбакина Торонто қаласында өткен WTA 1000 турнирінің қорытындысы бойынша маусымдық чемпиондар жарысында бірінші орынға қайта оралды.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Канададағы жарыста финалға дейін жетіп, рейтингте бірден екі сатыға жоғарылады. Қазір Рыбакинаның қоржынында 5277 ұпай бар.
Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко - 5065 ұпай. Үшінші сатыға бұған дейін көш бастап тұрған ресейлік Мирра Андреева жайғасты. Оның еншісінде 5064 ұпай бар.
Торонто турнирінің чемпионы атанған польшалық Ига Швёнтек екі сатыға көтеріліп, 2954 ұпаймен оныншы орынға орналасты.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 760 ұпаймен 57-орынға жайғасты.
WTA чемпиондар жарысында теннисшілердің ағымдағы маусымдағы нәтижелері есепке алынады. Жыл қорытындысы бойынша бұл рейтинг WTA қорытынды турниріне қатысатын үздік теннисшілерді анықтайды.
Айта кетейік, күні кеше Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/32 финалында әлемдік рейтингте 94-орында тұрған америкалық Тейлор Таунсендпен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина турнирдің үшінші айналымында Польша өкілі Магдалена Френхпен кездеседі. Френх екінші айналымда латвиялық Елена Остапенконы жарыстан шығарды.