Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында 1-орынға ие болды
Қазақстандық балуандар турнирде 15 медаль жеңіп алды.
ашық дереккөзден
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Қазақстандық балуандар жарыста алты алтын, төрт күміс және бес қола медаль жеңіп, жалпы саны 15 жүлдеге қол жеткізді. Он салмақ дәрежесінің алтауында ел спортшылары чемпион атанып, Қазақстанның Әнұраны алты рет шырқалды.
Алтын медальді 55 келіде Арсен Жұма, 60 келіде Айбек Айтбеков, 63 келіде Айдос Сұлтанғали, 67 келіде Бағдат Сабаз, 72 келіде Юсуф Ашрапов және 77 келіде Мерей Маулитканов жеңіп алды.
Күміс жүлдеге 63 келідегі Дәулет Әшірханов, 72 келідегі Алматбек Аманбек, 82 келідегі Ибрагим Магомадов және 130 келідегі Джохар Узаров ие болды.
Ал қола медальдарды 60 келіде Аманғали Бекболатов, 63 келіде Ғалым Қабдунасаров, 72 келіде Мәди Данелов, 82 келіде Омар Сатаев және 87 келіде Диас Кален еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Дортмундтағы турнирдің медальдік есебінде көш бастап, грек-рим күресі бойынша жоғары нәтиже көрсетті.