Асу Алмабаев ACBJJ лигасында дебют жасайды

Асу жаңа турнирде чемпиондыққа қол жеткізуді көздейді.

Асу Алмабаев ACBJJ лигасында дебют жасайды ашық дереккөзден

UFC шебері Асу Алмабаев ACBJJ джиу-джитсу және грэпплинг лигасымен келісімшартқа отырды. 

Қазақстандық спортшы 30 тамызда Түркияның Стамбул қаласында өтетін ACBJJ 22 турнирінде No-Gi бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Тәжікстан өкілі Халим Назрулоев.
Кездесуде All-Stars Title Match мәртебесі беріліп, жеңімпаз чемпиондық титулға ие болады.

ACBJJ 22 турнирі Стамбулдағы Ora Arena кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы спортшысы Забит Магомедшарипов джиу-джитсу ережесі бойынша марокколық Юсуф Залалмен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегінде америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта-ақ жеңген болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу