Өзбекстан үш дүркін әлем чемпионы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізеді

Өзбекстан құрамасы алдағы халықаралық жарыстарға дайындық аясында үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Өзбекстан үш дүркін әлем чемпионы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізеді ашық дереккөзден

Аргентина мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді. командалар арасындағы матч 30 қыркүйекте Қытайда өтеді.

Бұл ойын Өзбекстан құрамасының алдағы халықаралық жарыстарға дайындығы аясында ұйымдастырылмақ. Бас бапкер Фабио Каннаваро шәкірттері 24 қыркүйекте Ташкентте Иран құрамасымен кездеседі.

Ал 6 қазанда Өзбекстан командасы Оңтүстік Кореяға қарсы сырт алаңда ойнайды. Осылайша, қыркүйек-қазан айларында өзбекстандық футболшылар үш мықты қарсыласпен күш сынасады.

Айта кетейік, Аргентина мен Өзбекстан құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқанымен, турнир барысында өзара кездеспеді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу