Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
Қазақстандық теннисші 1/8 финалда Диана Шнайдермен өзара мықтыны анықтайды.
ашық дереккөзден
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші жарыстың үшінші айналымында Польша өкілі Магдалена Фрехпен кездесті.
Рыбакина қарсыласын екі сетте жеңді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екінші сет тай-брейкке дейін созылып, 7:6 (7:2) есебімен аяқталды.
Кездесу жаңбырға байланысты уақытша тоқтатылды. Теннисшілер кортта тура екі сағат өткізді. Осы уақыт аралығында Рыбакина бес эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді және 18 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Енді Елена Рыбакина турнирдің төртінші айналымында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.