«Барыс» «Амурдан» ірі есеппен жеңілді

Елордалық хоккей клубы қатарынан екінші матчта жеңіліс тапты.

«Барыс» «Амурдан» ірі есеппен жеңілді Барыс ХК

Астаналық «Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогіндегі екінші кездесуін Хабаровскінің «Амур» командасына қарсы өткізді.

Кездесуде алғашқы болып «Амур» есеп ашты. Бірінші кезеңнің ортасында Иван Климович турнирдегі үшінші голын соқты. Алайда Самат Данияр үзіліске бес минут қалғанда таразы басын теңестірді. Дегенмен кезең соңына қарай Артём Шварёв «Амурды» қайта алға шығарды.

Екінші кезеңнің соңына бес секунд қалғанда Александр Дергачёв есепті 3:1-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде «Амур» тағы екі шайба соқты. Артём Шварёв пен Иван Климович дубль авторы атанды. Осылайша хабаровскілік команда 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогіндегі соңғы матчын 20 тамызда «Ладаға» қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу