Ресми: Ислам Чесноков ресейлік клубта өнер көрсететін болды
Ислам Чесноковтың қазіргі нарықтағы құны 1.2 млн еуроны құрайды.
ашық дереккөзден
Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков Самараның «Крылья Советов» клубына ауысты. Ойыншы ресейлік командада жалға алу негізінде өнер көрсетеді. Келісімде футболшыны сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Чесноков бұған дейін Қостанайдың «Тобылында» өнер көрсетті. Ол команда сапында жалпы 103 матч өткізіп, 30 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді.
Қазақстандық вингер Шотландияның «Хартс» клубында да ойнаған. Эдинбург командасымен бірге ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. «Хартс» сапында Чесноков 11 кездесуге қатысып, бір гол соқты.
«Крылья Советов» клубымен келісімшарттың нақты шарттары әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу