13 қазақстандық клуб УЕФА-дан 7,7 млн еуро көлемінде төлем алды

Қазақстандық футбол клубтарына 2025/26 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдері аударылды.

13 қазақстандық клуб УЕФА-дан 7,7 млн еуро көлемінде төлем алды ашық дереккөзден

Қазақстандық клубтарға берілген төлемнің жалпы көлемі 7 754 000 еуроны құрады. УЕФА белгілеген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Премьер-лигасының 13 клубының әрқайсысына 596 461 еуродан төледі.

Қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, сондай-ақ клубтардың ойыншыларды даярлау жүйесін қолдауға бағытталуы тиіс.

Ынтымақтастық төлемдерін «Астана», «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ұлытау», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» және «Тұран» клубтары алды.

Ал «Қайрат» футбол клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқандықтан, турнирдегі өнері үшін бөлек жүлделік бонустарға ие болды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу