Чемпиондар лигасы: Үш команда да жеңімпазды анықтай алмады

Плей-оффта негізгі кезеңнің соңғы жеті жолдамасы сарапқа салынады.

Чемпиондар лигасы: Үш команда да жеңімпазды анықтай алмады ашық дереккөзден

18 тамыздан 19 тамызға қараған түні  УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде алғашқы матчтар өтті. Үш кездесуде командалар жеңімпазды анықтай алмады.

Стамбулда түркиялық «Фенербахче» француздың «Лионын» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Қонақтар сапынан Лоис Опенда есеп ашса, екінші таймның басында Мейсон Гринвуд таразы басын теңестірді. Осылайша, командалар қарымта ойын алдында тең мүмкіндікке ие болды.

Софияда болгариялық «Левски» мен Грекияның АЕК командасы арасындағы кездесу де жеңімпазсыз аяқталды - 0:0. Екі команда да шабуылда белсенділік танытып, бірнеше қауіпті сәт жасағанымен, олардың ешқайсысы мүмкіндігін голға айналдыра алмады.

Ал Загребте жергілікті «Динамо» норвегиялық «Викингпен» 2:2 есебімен тең түсті. Хорватиялық клуб алғашқы он минутта екі гол соқты. Дион Бельо мен Матео Лисица мергендік танытты. Алайда «Викинг» үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Норвегиялық команда сапынан Петер Кристиансен мен Златко Трипич гол соқты.

Айта кетейік, «Викинг» Чемпиондар лигасына 34 жылдан кейін қайта оралып отыр. Клуб турнирдің негізгі кезеңіне алғаш рет шығуды көздейді.

Бұл жұптардың қарымта кездесулері 25-26 тамызда өтеді. 

Ал, бүгін 19 тамызда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Неймеген» - «Будё-Глимт», «Селтик» - ЛАСК, «Слован» - «Целе» және «Хапоэль»  - «Сабах» жұптары алғашқы матчтарын өткізеді. Кездесулер Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу