«Қайсар» Қазақстан кубогының финалына шықты
Қазақстан кубогының финалы Астанада өтеді.
ашық дереккөзден
Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы жауапты матчта «Жеңіс» пен «Қайсар» кездесті. Ойын елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті.
Кездесудің 18-минутында Жиан Мартинс есеп ашса, көп ұзамай Андрия Филипович «Қайсардың» басымдығын арттыра түсті. 27-минутта Зураб Тевзадзе алаңнан қуылып, астаналықтар ойынның қалған бөлігін 10 ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.
Екінші таймда Кабрал Эваристо гол соқты. Алайда Андрия Филипович айып добынан дәл соғып, есеп айырмасын қайта ұлғайтты. Матчтың 90-минутында Рамазан Бағдат тағы бір гол салып, есепті 3:2-ге жеткізді.
Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды. Қызылордалық клуб шешуші кездесуде шымкенттік «Ордабасы» командасымен кездеседі.
Финалдық матч 7 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді.