Жезқазғанда 6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы салынады

Жаңа стадионның құрылысы 2028 жылы аяқталады.

Жезқазғанда 6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы салынады ашық дереккөзден

«Қазақмыс» корпорациясы мен Ұлытау облысының әкімдігі Жезқазған қаласында спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша келісімге келді. Құжатқа Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мен «Қазақмыс» басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды.

Келісім аясында Жезқазғанда екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олар 6 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы мен заманауи теннис орталығы.

Жабық футбол стадионының құрылысы 2027-2028 жылдарға жоспарланған. Нысан жергілікті футбол командалары мен спорт мектептеріне жыл бойы жаттығу өткізіп, ойындар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда өңірлік және республикалық деңгейдегі жарыстар, ірі қоғамдық және мәдени іс-шаралар өткізуге болады.

Ал заманауи теннис орталығын 2026-2028 жылдары салу көзделген. 

Жаңа нысандар ең алдымен балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, Жезқазғандағы спорт инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу