Харри Кейн екінші мәрте «Алтын бутсы» иегері атанды

Марапаттау рәсімі 19 тамызда өтті.

Харри Кейн екінші мәрте «Алтын бутсы» иегері атанды Харри Кейн Instagram

«Бавария» музейінде 2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Алтын бутсы» жүлдесін табыстау рәсімі өтті.

Мюнхендік клубтың шабуылшысы Харри Кейн маусымның үздік сұрмергеніне берілетін жүлденің иегері атанды. Ол Германия чемпионатында 31 матч өткізіп, 36 гол соқты.

33 жастағы футболшы «Алтын бутсыны» мансабында екінші рет жеңіп алды. Кейн бұл жүлдені алғаш рет 2024 жылы иеленген. Осылайша ол тарихта «Алтын бутсыны» екі рет жеңіп алған оныншы футболшы атанды.

Бұл жүлде бойынша рекорд Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Лионель Мессиге тиесілі. Ол «Алтын бутсыны» алты рет жеңіп алған.

Харри Кейн «Бавария» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Команда құрамында ол Германия чемпионы атанып, ел кубогы мен Суперкубогын да жеңіп алды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу