Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Елена Рыбакина тағы да Ига Швентекке қарсылас атанды.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде ширек финалға жолдама алды.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина 1/8 финалда ресейлік Диана Шнайдермен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте де 6:4 есебімен жеңіп, турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Осылайша, Рыбакина жарыстың ширек финалына өтті. Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің бесінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі.
Цинциннати WTA 1000 турнирінің ширек финалистері:
Елена Рыбакина (Қазақстан) - Ига Швентек (Польша)
Кори Гауфф (АҚШ) - Марта Костюк (Украина)
Сара Бейлек (Чехия) - Мэдисон Киз (АҚШ)
Аманда Анисимова (АҚШ) - Джессика Пегула (АҚШ)
Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жеңімпазы 1 086 220 АҚШ долларын және WTA рейтингіне 1000 ұпай алады.
Ширек финалдық матч бүгін 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні Қазақстан уақытымен 4:00-де басталады.