Бибісара Ассаубаева Cairns Cup-2026 турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Үшінші орын үшін Бибісара Ассаубаева 35 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Бибісара Ассаубаева Cairns Cup-2026 турнирінде қола жүлде жеңіп алды ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Ассаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен беделді Cairns Cup-2026 турнирін жүлдемен аяқтады.

Әлемнің үздік шахматшылары қатысқан жарыста 10 спортшы бақ сынады. Қазақстан намысын қорғаған гроссмейстер Бибісара Ассаубаева 9 турдың қорытындысы бойынша 5 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Турнирде Қытай өкілі Тан Чжунъи 6,5 ұпаймен жеңімпаз атанса, америкалық Элис Ли 6 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу