«Қайрат» Алматыда «Андерлехтке» есе жіберді
«Қайраттың» Еуропа лигасындағы жолы қиындады.
ашық дереккөзден
«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта бельгиялық «Андерлехттен» 0:3 есебімен жеңілді.
Кездесу қонақтардың жылдам голымен басталды. Матчтың 2-минутында «Қайрат» қорғаушысы Яакко Оксанен допты өз қақпасына бағыттап, «Андерлехт» есепте алға шықты. 24-минутта Лукаc Амброс бельгиялықтардың басымдығын арттырса, бірінші таймның қосымша уақытында Даниил Сикан үшінші голды соқты.
38-минутта Александр Широбоковтың алаңнан қуылуы алматылықтардың жағдайын одан әрі қиындатты. Бірінші таймда Рафаэль Уразбахтин шәкірттері қарсыластың қарқынына жауап бере алмай, шабуылда қауіпті сәттер ұйымдастыра алмады.
Екінші таймда «Қайрат» есепті қысқартуға тырысқанымен, «Андерлехт» өз қақпасын голдан сақтап қалды. Нәтижесінде алматылық команда өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліп, плей-оффтың алғашқы матчынан кейінгі жағдайын айтарлықтай қиындатып алды.
Қарымта кездесу 27 тамызда Бельгияда өтеді. «Қайратқа» келесі кезеңге өту үшін кемінде үш гол айырмасын жойып, жеңіске жету қажет.