Бекасыл Асамбек әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық спортшы алтын медаль үшін АҚШ өкілі Аарон Сейделмен белдеседі.

Бекасыл Асамбек әлем чемпионатының финалына шықты ашық дереккөзден

Грек-рим күресінен Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

Бекасыл Асамбек турнирдегі алғашқы кездесуін Қытай балуаны Анчао Луға қарсы өткізіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда украиналық Артем Тиснохузды дәл осындай есеппен ұтты. Ширек финалда ресейлік Зелимхан Чаниевті 10:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Жапония өкілі Ицуки Йонашироны 3:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, Асамбек төрт белдесуде 33 ұпай жинап, қарсыластарына небәрі бір ұпай берген. Оның финалдағы қарсыласы Аарон Сейдел де жарыста сенімді өнер көрсетіп келеді. АҚШ балуаны жартылай финалда мексикалық Мозес Мендосаны 10:0 есебімен жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.

Айта кетейік, Бекасыл Асамбек 2026 жылғы U20 Азия чемпионы және 2025 жылғы U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстандық балуан енді әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу