Дастан Сәтпаев «Бёрнли» сапында алғашқы ресми ойынын қашан өткізетіні белгілі болды
«Бёрнли» чемпионшиптің турнирлік кестесінде 24 команданың ішінде 9 орында келеді.
ашық дереккөзден
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жексенбі, 23 тамызда ағылшындық «Бёрнли» сапында алғашқы ресми матчын өткізуі мүмкін.
Чемпионшиптің екінші турында «Бёрнли» сырт алаңда «Вест Бромвичпен» кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Қазақстандық футболшы үшін Англия чемпионаты өз әлеуетін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Оның «Бёрнлидегі» сәтті ойыны «Челсиге» оралу жолындағы маңызды қадам болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Дастан «Челсиден» «Бёрнлиге» жалға берілген еді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу