Астанада «Astana UNICEF Race 2026» қайырымдылық жүгірісі өтеді

Жарысқа шамамен 1700 адам қатысады.

Астанада «Astana UNICEF Race 2026» қайырымдылық жүгірісі өтеді ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы доктор Рашед Мустафа Сарвармен кездесті.

Тараптар балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және бұқаралық спортты насихаттау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында 20 қыркүйекте Астанадағы Ботаникалық бақта өтетін «Astana UNICEF Race 2026» қайырымдылық жүгірісіне дайындық барысы талқыланды. 

Жарысқа шамамен 1700 адам қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде 200 бала бар. Қатысушылар 2, 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынайды.

Кездесу соңында тараптар балалар спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, ЮНИСЕФ - бүкіл әлем бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, олардың денсаулығын, білім алуын және қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі халықаралық ұйым. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу