FIFA Қазақстан футболына 250 мың доллар көлемінде грант бөлді

Қазақстанда талантты жас футболшыларды іздеу мен іріктеу мақсатында «Болашақ чемпиондар» жобасы іске асырылады.

FIFA Қазақстан футболына 250 мың доллар көлемінде грант бөлді ашық дереккөзден

FIFA Қазақстан футбол федерациясының 2026 жылға арналған FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясындағы жобалық өтінімін ресми түрде мақұлдады. Қазақстан футболын дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру үшін халықаралық ұйым 250 мың АҚШ доллары көлемінде грант бөлді.

Қаржының негізгі бөлігі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және болашағы зор ойыншыларды анықтауға жұмсалады. Атап айтқанда, 125 мың доллар «Болашақ чемпиондар» жобасына бағытталып, талантты жас футболшыларды іздеу мен іріктеуге жұмсалады.

Бапкерлер мен скауттардың біліктілігін арттыруға арналған семинарларға 50 мың доллар, бағдарламаны басқаруға байланысты операциялық шығындарға тағы 50 мың доллар қарастырылған. Ал 25 мың доллар балаларды қорғау стандарттарын енгізуге және бағдарлама қатысушыларына психологиялық қолдау көрсетуге бағытталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу