Бокстан Қазақстан құрамасының базасына мұзды ванналар жеткізілді
Қазақстан боксшылары Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр.
ашық дереккөзден
Қазақстанның ерлер бокс құрамасы Азия ойындарына дайындықты Алматы облысында жалғастырып жатыр.
Жаңашар ауылында 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек, Ирак, Қытай және Англия құрамалары қатысуда. Жиын барысында боксшылардың физикалық, техникалық және тактикалық дайындығына басымдық берілуде.
Құрама спортшылардың қалпына келу процесін жақсарту үшін арнайы мұзды ванналармен де қамтамасыз етілді. Криотерапия ауыр жаттығулардан кейін ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі.
Алматы облысындағы жиыннан кейін қазақстандық боксшылар қыркүйек айының басында Жапонияға аттанып, Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңін өткізеді.