Асу Алмабаев қарсыласымен көзқарастар айқасын өткізді

Асу Алмабаев RAF лигасында дебют жасайды.

Асу Алмабаев қарсыласымен көзқарастар айқасын өткізді RAF

Қазақстандық UFC шебері Асу Алмабаев АҚШ-тың Кливленд қаласында өтетін RAF 12 турниріндегі жекпе-жегі алдында америкалық Джони Дижилиуспен көзқарастар айқасын өткізді.

Алмабаев пен Дижилиус 22 тамыздан 23 тамызға қараған күні таңғы сағат 5:00-де Кливлендте кездеседі. Турнирдің басты жекпе-жегінде Мераб Двалишвили мен Генри Сехудо өзара мықтыны аықтайды. 

Айта кетейік, бұл Асу Алмабаевтың RAF лигасындағы алғашқы жекпе-жегі.

Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 2026 жылғы 27 маусымда Бакуде UFC Fight Night 280 турнирінде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу