Қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бүгін алты қазақстандық спортшы боз кілемге шықты.
ашық дереккөзден
16-23 тамыз аралығында Словакияның Братислава қаласында еркін күрестен өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Нұрасыл Асамбек қола жүлдеге ие болды.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде Өзбекстан өкілі Ұлықбек Рашидовты 13:6 есебімен жеңді.
Ал 92 келіде Бейбарыс Ерғали қола жүлде үшін белдесуде америкалық Джеймс Мастниге 2:3 есебімен жол берді.
74 келідегі Нұрдәулет Сейілбеков жартылай финалда АҚШ өкілі Джейден Джеймске 4:13 есебімен есе жіберді. Ол енді қола жүлде үшін күреседі.
Сонымен қатар Риза Изахар, Самир Дурсунов және Ералы Аскербек жарыстағы өнерін жүлдесіз аяқтады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу