Асу Алмабаев RAF лигасындағы дебютінде жеңіліс тапты

Жекпе-жек АҚШ-та өтті.

Асу Алмабаев RAF лигасындағы дебютінде жеңіліс тапты ашық дереккөзден

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев RAF лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізді. Кливлендте өткен RAF 12 турнирінде Алмабаев америкалық Джонни Диджилиуспен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласына 0:10 есебімен жол беріп, жекпе-жек бірінші раундтың 88-секундында аяқталды.

RAF ережесі бойынша кездесу екі минуттан тұратын үш раундқа есептелген. Алайда балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе немесе есеп айырмашылығы 10 ұпайға жетсе, жекпе-жек бірден тоқтатылады. Алмабаев пен Диджилиус арасындағы кездесуде дәл осы жағдай орын алды.

Осылайша, Асу Алмабаев RAF лигасындағы дебютін жеңіліспен бастады. Ал, Диджилиустың RAF-тағы көрсеткіші 2 жеңіс және 2 жеңіліс болды.

 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу