Бүгін Алматыда Қазақстан падел-турының үшінші кезеңінің финалы өтуде
Ерлер арасындағы бәсеке Қазақстан уақытымен 17:30-да басталады.
ашық дереккөзден
Алматыда Қазақстан падел-турының үшінші кезеңі өз мәресіне жақындады. Жартылай финалдық кездесулерден кейін A және B санаттарындағы чемпиондық атақ үшін таласатын жұптар анықталды.
Ерлер арасындағы A санатында финалда Евгений Данилов пен испаниялық Кристиан Фустер Синатра Тимур Хабибулин және Алдияр Мұздыбаев жұбына қарсы ойнайды. Данилов пен Фустер Синатра жартылай финалда Жәнібек Умбетов пен Никита Сидоровты 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Ал Хабибулин мен Мұздыбаев Жақас Козбақ пен Родион Пактан алғашқы сетте 2:6 есебімен ұтылып, кейін қатарынан екі сетте тай-брейкте жеңіске жетті - 7:6 (7:4), 7:6 (8:6).
Ал әйелдер арасындағы A санатында Татьяна Гиоргадзе мен Айгерім Сүлейман Мария Синицына мен Дарья Михайловамен чемпиондық атақты сарапқа салуда.
B санатында ерлер арасында Артем Ярдяков пен Матвей Бугрименко Әлішер Сағынов пен Мансұр Қайроллаға қарсы ойнайды. Әйелдер арасында Александра Хан мен Мадина Темірбулатова Жанель Назарова және Томирис Төлегеновамен кездеседі.
Қазақстан падел-турындағы үшінші кезеңнің финалдық ойындары бүгін, 23 тамызда өтуде. Сондай-ақ бүгін үшінші орын үшін кездесулер де ұйымдастырылады.