Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында ресми дебют жасады
Дастан Сәтпаев алаңда 12 нөмірлі жейдемен өнер көрсетті.
ашық дереккөзден
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англия чемпионатында «Бернли» сапында алғашқы ресми матчын өткізді.
Чемпионшиптің екінші турында «Бернли» сырт алаңда «Вест Бромвичпен» кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Сәтпаев кездесуді қосалқы құрамда бастап, 57-минутта алаңға шықты. Осылайша, 18 жастағы қазақстандық футболшы «Бернли» сапында ресми дебют жасады. Ол ағылшын клубына лондондық «Челсиден» жалға алынған болатын.
Бүгінгі нәтижеден кейін «Вест Бромвич» алты ұпаймен турнир кестесінде 2-орынға көтерілсе, «Бернли» 18-орынға жайғасты.
«Бернли» келесі матчын 26 тамызда «Бредфордқа» қарсы өткізеді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу