Соня Жиенбаева әлемдік рейтингте бірден 70 сатыға көтерілді
Әлемдік рейтингте серпіліс жасаған Соня Жиенбаева Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева WTA рейтингінде бірден 70 сатыға көтеріліп, мансабындағы үздік көрсеткішіне қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 16 тамыз күні 20 жастағы спортшы Испанияның Виго қаласында өткен W35 санатындағы халықаралық турнирде чемпион атанды. Бұл Жиенбаеваның World Tennis Tour аясындағы қатарынан екінші чемпиондығы. Бұған дейін ол Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 турнирінде топ жарған еді.
Осы нәтижелерден кейін Соня Жиенбаева әлемдік рейтингте 384-орынға көтеріліп, Қазақстанның үшінші ракеткасы атанып отыр.
Жаңартылған әлемдік рейтингте Елена Рыбакина 2-орында, ал Юлия Путинцева 80-орын тұр. Жұптық сында Анна Данилина 6-орында қалды.