Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында ширек финал жолдамасына таласады

Сары құрлық бәсекесі Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтуде.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында ширек финал жолдамасына таласады ашық дереккөзден

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы топтық кезеңнің үшінші матчында Таиланд құрамасымен кездесті.

Ойын қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші партияда Қазақстан құрамасы 25:22 есебімен басым түссе, кейінгі үш партияда Таиланд 25:16, 25:23 және 25:11 есептерімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңді бір жеңіспен аяқтады. Бұған дейін отандастарымыз Индонезиядан 0:3 есебімен жеңіліп, Аустралияны 3:0 есебімен жеңген болатын.

Таиландтан жеңілгеніне қарамастан, Қазақстан құрамасы ширек финалға шығу мүмкіндігін сақтап отыр. Енді команданың плей-офф кезеңіне жолдама алуы топтағы басқа кездесудің нәтижесіне байланысты.

Бүгін Индонезия мен Аустралия құрамалары өзара кездеседі. Егер Индонезия жеңіске жетсе, Қазақстан құрамасы топта үшінші орын алады.

Айта кетейік, Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі команда тікелей жолдама алады. Сонымен қатар үшінші орын алған командалардың арасынан үздік екі ұжым да ширек финалға өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу