Қазақстандық таеквондошы China Open турнирінде қола жүлдеге ие болды

23 тамыз басталған халықаралық жарыс бүгін мәресіне жетті.

Қазақстандық таеквондошы China Open турнирінде қола жүлдеге ие болды ашық дереккөзден

Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open - G1 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Ахмедова қытайлық спортшы Цзюй Цзодан жеңіліп қалды.

Турнирге 30-ға жуық елден 279 спортшы қатысты.

Айта кетейік, Нодира Ахмедова 2025 жылдың қазан айында Қытайдың Уси қаласында өткен әлем чемпионатында да қола жүлде жеңіп алды. Осылайша ол соңғы 18 жылда Қазақстан тарихында әйелдер арасында әлем чемпионатында жүлдеге ие болған алғашқы таеквондошы атанған болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу